АҒЫМДАҒЫ ШОТ

lat: AǴYMDAǴY SHOT

ағымдағы шоттың шарты негізінде банктің клиентке ашатын банк шоты, ол бойынша: клиент ақшасының болуын қамтамасыз етуге және банктің оны пайдалануына; клиенттің пайдасына ақша қабылдауға (есептеуге); банк шотының шартында көзделген тәртіппен үшінші тұлғалардың пайдасына ақша аудару туралы клиенттің өкімін орындауға; ҚР заң актілерінде және (немесе) шартта көзделген негіздер бойынша клиенттің ақшасын алып қою туралы үшінші тұлғалардың өкімін орындауға; банк шотының шартында белгіленген тәртіппен клиенттен қолма-қол ақша қабылдауды және оған беруді жүзеге асыруға; банк шотының шартында айқындалған мөлшерде және тәртіппен сыйақы төлеуге; клиенттің талап етуі бойынша банк шотының шартында көзделген тәртіппен клиенттің банктегі ақшасының сомасы және жасалған операциялар туралы ақпарат беруге; клиентке шартта, ҚР заңдарында және банк тәжірибесінде қолданылатын іскерлік айналым дағдыларында көзделген өзге де банктік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға байланысты операциялар орындалады («Ақша төлемі мен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы №237 ҚРЗ 6-бап)